Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда “Ерекше Fashion” көрсетілімі өтті

Атырауда ерекше шабыт пен шынайы өнерге толы, жүрекке жылу сыйлаған бір ерекше күн өтті. Бұл жолы сән сахнасына мүгедектігі бар жастар шықты. Иә, олардың киімдері де ерекше, олардың жанары да ерекше. Олар – «Ерекше Fashion» көрсетілімінің басты кейіпкерлері.

afb3c81d 887f 4ebf aae8 7c664aa425d3

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, “Ерекше Ана – Ерекшем 16+” қоғамдық қоры ұйымдастырған бұл шара жастардың қолөнері мен шығармашылығы арқылы өзін көрсетуге мүмкіндік берген жарқын платформа болды.
Іс-шараның ресми ашылуында сөз сөйлеген Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Әйгерім Досқалиева бұл жобаның маңызын атап өтті.

21c65cab d582 4525 b765 d21a765785d5

– Бұл – жастарға өз әлеуетін ашуға, қоғамға сенімді қадам басуға мүмкіндік беретін үлкен әлеуметтік бастама, – деді ол.

Көрсетілім шымылдығын «Nomad Studio» шығармашылық орталығы ашты. Заманауи би мен ұлттық нақыш үйлескен композициялар көрермендерді бірден баурап алды. Әр қимыл, әр әуен сахнада шабытпен өрілді.
Бірінші бөлімде ұлттық нақыштағы заманауи стильдер көрермендердің көзайымына айналды. Киім үлгілері арқылы қатысушылар өзінің даралығын, мінезін көрсете білді. Одан кейін этно-спорт бөлімінде ұлттық нақышты күнделікті киюге лайық үлгілермен таныстық. Қатысушылар жайлылық пен стильді үйлестіріп, өздерін еркін сезінетін киімдермен сахнада жарқырап жүрді.

733b9a92 3ad5 4230 bcd9 3ac896ca9912


Міне, сахнаға нағыз сәннің шоуға айналған сәті шықты! Түрлі-түсті маталар, креативті идеялар. Қатысушылар сахнада өз қиялын, армандарын, әлемге деген көзқарасын көрсетті.
Шараның ең әсерлі бөлігі қатысушылардың өз қолымен безендірген жейделерін таныстыру сәті болды. Әр жейденің артында үлкен еңбек тұрды. Бұл өнер арқылы ішкі жан дүниені жеткізудің ең шынайы жолы болды.

6968c444 6312 4562 bc65 89a9d869294f

Шара соңында әр қатысушыға арнайы алғыс хат пен сертификат табысталып, олар құрметке ие болды. Болашақ осындай сенімді қадамдардан басталады. Расында “Ерекше Fashion” болашаққа деген сенім сыйлады.

Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button