АТЫРАУДА ЕР АДАМ ҮЙДІҢ ЕКІНШІ ҚАБАТЫНДА ІЛІНІП ҚАЛДЫ

img 20220113 wa0014 1 Жаңалықтар

Бүгін атыраулық құтқарушылар тұрғын үйдің екінші қабатының күнқағарында ілініп қалған ер адамды түсіріп алды.

Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобының мамандарынан білдік.

13 қаңтар күні сағат 01.00-де Атырау қаласындағы Баймұханов көшесінде орналасқан №1 үйдің 4-қабатындағы дәліз терезесінен ер адам құлап, екінші қабаттың күнқағарына ілініп қалғаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 1994 жылы туылған жігітті босатып, жедел көмек көрсету үшін дәрігерлерге жеткізді.

Айта кетейік, авариялық-құтқару жұмыстарына аталған департаменттің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Жедел-құтқару жасағының төрт қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз