Атырауда емхана мен мектептер жаңарады

326155824 704251794817273 5176454595617542741 n Жаңалықтар

Ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін 4 дәрігерлік амбулатория ғимаратына күрделі жөндеу жасалып, бұл мақсатқа қазынадан 163 миллион теңге жұмсалған.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиева былтыр жекелеген өңірлерде денсаулық сақтау саласының ахуалын жақсартып, материалдықтехникалық базасын нығайтуға көңіл бөлінгенін айтты.

«Білім беру саласында жалпы білім беретін бір мектепті күрделі жөндеуден өткізуге қазынадан 204,6 миллион теңге қаралып, сәтімен жүзеге асты. Ал, мәдениет саласына бағытталған 1,9 миллиард теңгеге бес ауылдың мәдениет үйі мен бір музыка мектебі салынған. Өткен жылы ауылішілік көлік инфрақұрылымын талапқа сәйкестендіру де басты назарда ұсталды. Сөйтіп, бұл салада белгіленген 13 жобаның жетеуінде жол құрылысы жоспарланса, төртеуінде қайта жаңғырту, қалған екеуінде күрделі жөндеу қарастырылған. Осы жұмыстардың қаржылай құны 7,7 млрд. теңгеге бағаланған», – деді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз