
Жаңалықтар
Атырауда «Досмұхамедов оқулары – 2025» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Досмұхамедов оқулары – 2025: Заманауи ғылым мен білімнің дамуындағы заманауи инновациялар және жасанды интеллект» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

Білім ордасының 85 жылдығы аясында ұйымдастырылған бұл конференцияға еліміздің жоғары оқу орындарының, сондай-ақ Франция, Польша және Әзербайжан секілді шетелдік университет профессорлары қатысуда.

Басқосуда білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, заманауи зерттеу бағыттары бойынша тәжірибе алмасу көзделген.
Шараның басты мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту және Халел Досмұхамедовтің ғылыми мұрасын насихаттау.
Мәлике ҚУАНЫШЕВА


