Атырауда дизель тасымалдап келе жатқан көлік аударылды

210316133729320e Жаңалықтар

Атырау облысында дизель тасымалдап келе жатқан «КамАЗ» көлігі аударылды.

Облыстық Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 13 наурызда сағат 13:10-да Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы маңындағы «Атырау-Астрахан» айналма жолында болған. «Гелиос» ЖШС-ға тиесілі дизель отынын тасымалдайтын «КамАЗ» көлігі аударылды. Апат салдарынан дизель төгіліп, топырақ ластанды.

Аталған дерекке қатысты облыстық Экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, тексеру жүргізді. Химиялық талдау үшін топырақ сынамалары алынды. Тексеру нәтижесімен «Гелиос» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 291 700 теңге айыппұл салынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Мәлім болғандай, «Гелиос» ЖШС ластанған аумақты тазартты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз