Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Дабыл-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өтеді

Ертең, 14 қазанда Атырау қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Атырау облыстық жедел штабының басшылығымен «Дабыл-Антитеррор-2025» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізіледі. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Атырау облыстық жедел штабы хабарлады.

Оқу-жаттығудың мақсаты – терроризм қаупі туындаған жағдайда мемлекеттік органдар мен арнайы қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шара барысында қаланың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылып, қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілуі мүмкін.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарау, қауіпсіздік талаптарын сақтау және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды нұсқауларын орындау сұралады.

Сонымен қатар, азаматтардан ақпараттың тек ресми көздеріне сену, тексерілмеген немесе жалған мәліметтерді таратудан бас тарту қажеттігі ескертіледі.

Айта кетейік, жалған ақпарат тарату бойынша қолданыстағы заңнамада жауапкершілік көзделген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button