Атырауда браконьерлер 105 млн теңгенің балығын қамыс арасына жасырып кеткен

348816138 3669666203319949 3377009805308303203 n Жаңалықтар

Бұл туралы балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері  20 мамырда «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізді. Рейдтік іс-шаралар кезінде Жайық өзені қамыс аймағында жалпы салмағы 101,6 кг. 4 қап бекіре тұқымдас балықтары табылды.

Аталған жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінің белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

«Балық ресурстарына келтірілген залал алдын ала есеп бойынша 105 156 000 теңгені құрады. Балық қорғау акциясы жалғасуда», – деді комитеттің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз