Атырауда бір топ журналист марапатталды

img 20201215 wa0257 Жаңалықтар

Ел тәуелсіздігінің құрметіне «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесінің Атырау облыстық филиалы жыл бойы орталықпен тығыз жұмыс жасаған БАҚ өкілдеріне «Алғыс хат»  табыстады.

Олардың арасында «Аtr.kz» сайтының редакторы Баян Жанұзақова, «Аtyray» телеарнасының редакторлары Гүлназ Кәрімжан мен Орынгүл Махмудова және «Caspian news»  телеарнасының редакторы Карина Дюржанова бар.

Мекеменің филиалы директоры Бекбол Мұқашов журналистерге нәтижелі еңбегі үшін алғыс айтып, еңбекте табыс тіледі.

img 20201215 wa0259


Еске сала кетелік, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облысы бойынша филиалы 2019 жылдың наурыз айында құрылды. Орталықтың басты міндеті – жол құрылыс жұмыстарын салу технологиясының сақталуын және пайдаланатын материалдарың сапасын тексеру.

Жыл басынан бері орталық мамандары республикалық, облыстық және қала ішілік автомобиль жолдарына 904 мәрте тексеруге шығып, 1448 жол құрылыс материалынан сынама алған. Нәтижесінде 204 кемшілік дерегі анықталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз