Атырауда бір тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталды

3 Жаңалықтар

«Оның ішінде 49 жағдай Атырау қаласында, 13 жағдай Теңіз кенішінде расталып отыр» деп хабарлайды Atr.kz

Соңғы тәулікте Жылыой ауданынан 4, Индер ауданынан 1, Қызылқоға ауданынан 1, Құрманғазы ауданынан 5, Мақат ауданынан 4 адамнан инфекция анықталды.

«33 науқаста инфекция симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирустан 77 адам емделіп шықты» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда Атырау коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша «қызыл аймақта».

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз