Атырауда балабақшаға жолдама беру тоқтатылады
Биылғы 7 тамыздан бастап Атырау қаласында Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан әдіснамалық және техникалық проблемалар толық жойылғанға дейін балабақшадағы «Бірыңғай кезектілік» пилоттық жобасы тоқтатылды. Осыған байланысты қала бойынша бірыңғай кезек «INDIGO: электрондық балабақша» ақпараттық жүйесіне толық көшіріледі. Жаңа өзгерістің мән-жайын анықтау мақсатында құзырлы мекеме өкілдеріне хабарластық.
Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, 8 тамыз сағат 18:00-ге дейін бюллетень қалыптастыру процесі тоқтатылып, 9 тамыз сағат 00:00-де жолдама беру аяқталады.
–Кезек қала бойынша құрылады, сол себепті кезек номері жоғары және төмен бағытта өзгеруі мүмкін. Жолдаманы баланың заңды өкілі «Жеке кабинет» арқылы «Менің өтініштерім» бөліміндегі «Жолдама алу» батырмасын басу арқылы алады, — дейді Э.Тұңғатарова.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ