
Жаңалықтар
Атырауда азық-түлік төмен бағамен сатылуда
Бұл шара қазақстандық өнімге сұранысты арттыру және азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өтіп жатқан «Береке Fest» республикалық акциясы аясында жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Республикалық акция өңірдегі 60-тан астам сауда нүктесінде өтуде. Төмен бағамен сатылатын тауарларды “Ярмарка”, “Анвар”, “Ideal” және “Marco” секілді ірі супермаркеттерден табуға болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне арналған төмен бағалар арнайы безендірілген сөрелерде орналастырылған.




