img 20200904 wa0030

Атырауда ауыл әйелдерінің онлайн-конференциясы өтіп жатыр

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Экономика Қоғам Ұлы даланың жеті қыры

Atr.kz/4 қыркүйек, 2020 жыл. Онлайн-режимде  ZOOM платформасында «Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытуға қосар үлесі» тақырыбында Атырау облысы ауыл әйелдерінің форумы өтуде.

Шара барысын Парламент мәжілісінің депутаты Майра Айсина жүргізіп отырды. Алдымен қатысушылар биыл дүниеден өткен көшбасшы іскер әйелдер – Салтанат Рахымбеков амен Әлия Бекқожиеваны еске алды.

«Бұл форум екі жылдан бері дәстүрлі өткізіліп келеді. Оған өзге елдерден де өкілдер қатысты. Биыл пандемияға байланысты онлайн жүйеде өтуде. Мақсат – әйелдер арқылы ауыл мәдениетін көтеру және ауылшаруашылық мәселелерін тікелей сол ауыл тұрғындарынан біліп, бірлесіп шешу» деді халық қалаулысы.

Айта кетейік, форум жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық  комиссиясының, халықаралық «Coca-Cola» қорының және Атырау облысы әкімдігі, «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, «Қазақстан әйелдерінің аграрлық Одағы» ЗТБ қолдауымен  өткізілуде.

Санақ көрсеткіштеріне көз жүгіртсек, Атырау бойынша биылдың алғашқы тоқсанында шаруашылықтағы әйелдер үлесі 49,5 пайызды құраған екен. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты.

  • – Колледж директоры болып жүргенімде іскерлік қабілетімді байқап, зор сенім білдіріп үміт артқан азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Мәжілісте жинаған тәжірибемді елге жұмсамасам, менің атыма сын болар еді. Мен қызметке кіріскен кезде елде төтенше жағдай жарияланды. Атырауда әлеуметтік сала, білім беру мен денсаулық саласында маман тапшылығы және басқа да мәселелер өткір тұрғанын білдім. Жергілікті жерде ауылдарды аралай жүріп көздерінде от ойнаған дарынды қыз-келіншектерімізді де көрдім. Тек соларды ортақ іске тартып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара жұмыс жасауымыз керек.
  • Бұл форум былтыр Махамбет ауданында өтсе, биыл Индерде өтуі керек болатын. Бірақ, пандемияға орай онлайн форматта өтіп жатыр. Егер, ауыл шаруашылығына инновация мен жаңа технологияны әкелгіміз келсе, әлеуметтік жағдайды жақсартуымыз керек. Адам капиталын дамыту ешқашан назардан түспеуі тиіс. Қателеспесем, Тәуесіздіктің отыз жылында Атырауда бірде-бір әйел қала мен аудан әкімі болмаған екен. Сондықтан бұл бағытта да соны серпіліс керек секілді. Ең бастысы, ерлеріміздің сағы сынбай, аналарымыз ауырмай, балаларымыз жыламай өмір сүрейік! – деді Бақытгүл Қайыржанқызы.   

Сондай-ақ, форумда атыраулық іскер әйелдер мен агрокешен өкілдері атқарылған жұмыстармен және алдағы жоспарлармен бөлісіп, саладағы мәселелер мен ұсыныс-тілектерін білдірді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

img 20200904 wa0032
img 20200904 wa0031
img 20200904 wa0024
img 20200904 wa0026
img 20200904 wa0027

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған