Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «ATYRAU CUP» VII республикалық пікірсайыс турнирі өтуде

Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «ATYRAU CUP» VII республикалық пікірсайыс турнирі басталды. Биылғы додаға еліміздің әр өңірінен – Астана, Алматы, Тараз, Ақтау, Ақтөбе, Орал және Атырау облысынан барлығы 40 команда жиналды.

a0c6ca4d a8e5 475b 8a32 83b7abc7cedc

Турнир британ парламенттік форматында өтуде. Шараның ашылу салтанатында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бұл турнир тек пікірталас жарысы ғана емес, жаңа ой көшбасшылары, болашақ саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері дүниеге келетін алаң. Атырау белсенді әрі білімді жастардың басын қосатын орталыққа айналып келе жатқанына қуаныштымыз. Бұл шара жастарға шабыт, жаңа достар және өз күшіңізге сенімділік сыйласын, – дейді Гүлнұр Сүйеуова.

8c311278 4e5f 4bf1 b2b6 1491f801abeb

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 миллион теңге. Жүлделі бірінші орын алған командаға – 400 мың теңге, екінші орынға – 300 мың, үшінші орынға – 200 мың теңге беріледі. Сондай-ақ, «Үздік спикер» номинациясының иегеріне 100 мың теңге көлемінде арнайы сыйақы табысталады.

Көршілес Орал қаласынан келген Айымбек Сарымсақов аталмыш турнирге екінші маусымнан бері тұрақты түрде қатысып жүр. Қазір ол шәкірт тәрбиелеп, математика пәнінен сабақ береді. Алайда ол пікірсайыстарға тұрақты түрде қатысып келеді.
– Пікірсайыс – жай ғана әуесқойлық емес, бұл – өмір мектебі. Осы арқылы мен өз ойымды жүйелеуді, ақпаратты сын тұрғысынан бағалауды және өз көзқарасымды нық жеткізуді үйрендім. Бұл дағдылар маған мамандығымда да өте қажет болды, – дейді Айымбек.

Ал Атырау пікірсайыс орталығының негізін қалаушы, «Жеті Жарғы» қоғамдық қорының төрағасы Абылай Құрметұлының айтуынша, биыл дүбірлі додаға қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.
– Бұрын командалар саны шамамен 30-дың төңірегінде болса, бүгінде олардың саны 40-қа жетіп отыр. Бұл – пікірсайыс қозғалысына деген қызығушылықтың артқанын білдіреді, – дейді ол.

Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button