Атырауда анықталған әйел COVID-19 індетін ұшақта жұқтырған болуы мүмкін

imlmrormoro COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Бұған дейін «Алматы-Атырау»  рейсіндегі жолаушылардың бірі коронавирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылған болатын, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

21 наурыз күні келген  «Алматы-Атырау»  рейсінің  кемінде екі жолаушысы  COVID-19 жұқтырған.  Олардың бірі –  29 наурызда  инфекциялық карантин аймағына  орналастырылған 19 жастағы студент болса,  екіншісі – бүгін, 31 наурызда коронавирус инфекциясы анықталған 49 жастағы әйел. Әйелдің  қауіпті ауру жұқтырғаны студентпен байланыста болған адамдарды тексеру кезінде расталған.

Осыған  дейін, студенттің  «Алматы-Атырау» бағытындағы рейспен 17 наурыз да келгені  хабарланған болатын.  Кейінірек студент  жігіттің Атырауға   21 наурызда келгені  айқындалды.
Аталған  рейстегі барлық жолаушылар анықталып, оқшауланды, қазіргі уақытта оларға  ПТР-тест жасалуда.

http://atr.kz/bez-rubriki/t%d3%a9tenshe-zha%d2%93daj-kezinde-%d2%b1stanu-%d2%9bazhet-14-%d2%9ba%d2%93ida-infografika/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз