
Жаңалықтар
Атырауда аналардың еңбегі еленді
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Атырау қаласы бойынша 82 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты іс-шарада марапаттарды қала әкімінің аппаратының басшысы Айбек Қадірәлиев табыстап, аналарды құттықтады.

— Аналардың қоғамдағы орны ерекше. Сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз елдің болашағына қосылған баға жетпес үлес. Бұл марапат – мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен алғыстың белгісі, — деді А.Қадірәлиев.
Жиын соңы әсем әнмен өріліп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.



