img 20201113 wa0034 rotated

Атырауда «AIGA греплинг» федерациясының Президенті тағайындалды

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам
13 / 100

Атырау облыстық «AIGA греплинг» федерациясының Президенті болып Аймуратов Алибек Саламатұлы тағайындалды.

Бұл туралы «Атырау-Ақпарат» баспасөз клубында өткен брфинг барысында белгілі болды. Жиында жаңа басшыны Қазақстанның панкратион, греплинг және ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеевтің өзі тағайындап, сәттілік тіледі.

Алибек Аймуратов 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт федерациясының координаторы, 2018-2020 жылдары Атырау облыстық «Жекпе-жек» Ұлттық спорт федерациясы президенті қызметтерін атқарды. Ал, 2017 жылы федерацияның вице-президенті атанды.

Айта кетейік, бүгінде «AIGA» федерациясы әуесқойлар арасындағы грэпплинг спортын әлем бойынша қарқынды түрде дамытуда. Былтыр желтосқан айында құрылған федерация биыл ел біріншілігі мен кубогін өткізіп үлгерді. Қазір осы спорт түрінен АҚШ-та өтетін әлем чемпионатында AIGA бойынша өнер көрсететін ұлттық құрама құрылып жатыр.

Аман ШАМАР

img 20201113 wa0041
img 20201113 wa0031 1
img 20201113 wa0043

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған