Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 9,5 млрд теңгеден астам заңбұзушылық анықталды

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Атырау қаласы, сондай-ақ республикалық мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты 2025 жылдың екінші жартыжылдығында жүргізілген камералдық бақылаудың қорытындысын жариялады. Тексеру 2025 жылғы 1 шілде мен 30 қараша аралығын қамтыған.

Аудит қорытындысына сәйкес, Атырау қаласы бойынша жалпы сомасы 9 млрд 12 млн 923 мың 964 теңгені құрайтын заңбұзушылықтарды жою жөнінде 409 хабарлама жолданған. Бұл көрсеткіш бюджет қаражатын пайдалану кезінде жіберілген кемшіліктердің ауқымын аңғартады.

Сатып алу тәсілдері бойынша антирейтинг қала аумағында өзгеше сипат алған. Заңбұзушылықтар саны жағынан баға ұсыныстарын сұрату (БҰС) тәсілі алдыңғы орында тұр — 253 жағдай. Алайда қаржылық көлем тұрғысынан конкурстар мен аукциондар (бірінші бағыт) басымдыққа ие. Бұл тәсіл бойынша 86 бұзушылық анықталып, олардың жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеден астамды құрады. Аталған көрсеткіш қала бойынша анықталған заңбұзушылықтардың 52,9 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, конкурстар мен аукциондардың екінші бағыты бойынша небәрі 5 бұзушылық тіркелгенімен, олардың қаржылық көлемі айтарлықтай жоғары — 2,1 млрд теңге немесе жалпы соманың 23,2 пайызы. Қосымша келісімдерге қатысты 52 хабарлама жолданып, бұзушылықтар сомасы 489 млн теңгеге жеткен. Ал бір көзден алу тәсілімен жүргізілген сатып алуларда 13 хабарлама тіркеліп, олардың сомасы 220,9 млн теңгені құраған.

Камералдық бақылау барысында өзге де ұйымдар қамтылған. Атап айтқанда, республикалық мемлекеттік мекемелер бойынша жалпы сомасы 458,5 млн теңгені құрайтын 46 хабарлама жолданған. Мұнда да заңбұзушылықтардың басым бөлігі — 35 жағдай — баға ұсыныстарын сұрату тәсіліне тиесілі.

Ал акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде жалпы сомасы 113 млн теңгеге бағаланған 14 заңбұзушылық анықталып, оның 11-і баға ұсыныстарын сұрату арқылы өткізілген сатып алуларға қатысты болған.

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті анықталған заңбұзушылықтарды жою, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағытында бақылау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Айбөпе Мұратқызы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button