Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 5,5 мыңнан астам адам банкроттыққа өтініш берген

Облыста 5 522 тұрғын соттан тыс банкроттық рәсіміне өтінім жолдап, оның 641-і мақұлданған, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.

Қазір 307 өтініш қаралып жатыр. Ал 4 029 адамның сұранымы заң талаптарына сай келмегені үшін кері қайтарылған. Сонымен бірге 457 азамат соттан тыс банкрот деп танылды.

Мамандардың айтуынша, банкроттыққа жүгінгендердің басым бөлігі тұрақты табыстың болмауы, жұмыссыздық және несие жүктемесінің артуына байланысты өтініш берген.

Банкроттық рәсіміне өтінім беру үшін қарыз мөлшері 1 600 АЕК-тен (шамамен 6,3 млн. теңге) аспауы керек. Сондай-ақ қарызды өтей алмағанына кемінде 12 ай өтуі немесе табыстың болмауы талап етіледі.

Банкрот деп танылған азаматтар бес жыл бойы банктен немесе микроқаржы ұйымдарынан несие рәсімдей алмайды. Қаржылық жағдайы үш жыл бойы бақылауда болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button