Атырауда 48 мектеп салынбақ

knken.gkn.genge Жаңалықтар

2025 жылға дейін өңірде 48 мектепті пайдалануға беру жоспарланған,- деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, қазіргі уақытта  облыс аумағында 10 мектептің құрылысы жүргізілуде.

– Алдағы негізгі міндет – мектептерде үш ауысымды оқыту мәселесін жою. Қазір өңірде 200 мемлекеттік мектеп жұмыс істеуде. Онда 138 мың оқушы бар. Өткен жылдың соңында Атырау қаласынданы Береке шағын ауданында  сыйымдылығы 1200 орындық жаңа мектеп салынды.
Осылайша, шағын аудандарда тұратын оқушылар өз үйлерінің маңында білім алуға мүмкіндік алуда, – деді Айнагүл Дүйсекенова.

Сонымен қатар, облыста 9 мектепке дейінгі мекеменің құрылысы жүруде.

Бұл нысандар облыстағы балабақшалардағы орын жетіспеушілігі мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз