Атырауда 396 ғаламтор алаяқтығы тіркелген

aroaoa Жаңалықтар

Atr.kz/19 қараша, 2019 жыл. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер виртуалды кеңістікте жасалатын қылмыстардың алдын алуды күшейтті.

Тәртіп сақшылары осы алаяқтық фактілерінің алдын алу мақсатында барлық профилактикалық тетіктерді, оның ішінде визуалды әсер етуді қолдануда.

Интернет алаяқтықтың алдын-алу тақырыбындағы хабарламалар жасалынып, халықтың көп шоғырланатын жерлеріне орналастырылған.

«Атырау халқына ескерту: қаскүнемдердің айла-тәсілдерінің әртүрлі екенін, онымен қоса, олар ұдайы өздерінің криминалдық сызбаларын ауыстырып отыратындарын білу маңызды», – делінген хабарламада.

Егер сіз бір адамның алаяқ екендігіне сезіктенсеңіз, абыржымай, шешім қабылдауға асықпай және желідегі қаржы операциясына қатысты барлық ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз.

Ашық дереккөз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз