«28 ілмек» еріктілері шала туған балаларға бұйымдар тоқыды

img 20220928 wa0017 Қоғам

Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Шала туған балаларға көмек көрсететін «28 ілмек» қайырымдылық ұйымы қазір еліміздің 15 қаласында жұмыс істейді. Аталған клуб Атырау қаласында 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еріктілер жүннен дайындалған заттар мен мақтадан жасалған ойыншықтарды тоқиды. Ал дайын өнімдер Атырау облыстық перинаталдық орталығына беріледі.

– Тоқылған заттар кішкентайлардың жылы қалыпта болуына көп септігін тигізеді. Кувезде шала туған балалар үшін оңтайлы температура сақталады. Жүн құрамына қарай осы қасиеттерге ие. Сонымен қатар жүн талшықтары массаждың өзіндік әсерін жасайды, қозғалыс моторикасын жақсартады, деді «28 ілмек» клубының мүшесі Валентина Верцан.

Айта кетейік, бүгінде Атыраудағы «28 ілмек» клубында 60-қа жуық ерікті бар.

img 20220928 wa0016
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз