Атырау университетінде онлайн курс және вебинарлар жазу студиясы ашылды

4rzzc0kezjes453vpxfa3836z6018p Жаңалықтар

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Жаппай ашық онлайн курсы (MOOC) оқыту әдістемесі аясында онлайн курстар мен вебинарларды жазу бейнестудиясы мен IT сыныптары ашылды.

«Бұл кабинет, біріншіден, болашақта онлайн оқу немесе кейбір сабақтарды онлайн режимге көшіру үшін жақсы бейнеконтент қалыптастырады. Екіншіден, алдағы уақытта оны пайдалану аясы кең. Мәселен, ҰБТ-ға дайындық кезінде мектеп оқушыларына сапалы бейнедәрістер ұсынып, Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы білім алып жатқан өзіміздің және шетелдік студенттер үшін кейбір пәндерді онлайн оқытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқытушы ғалымдар түсірген бейнекурстарды әлемдік, халықаралық платформаларға шығарып, ұсына аламыз», – дейді университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асхат Шүкіров.

Қазіргі уақытта университететте жаппай ашық онлайн курстарына арналған платформа (mooc.asu-edu.kz) жасақталуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз