img 20201125 wa0091

Атырау тұрғындарына қатаң ескерту жарияланды (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам
13 / 100

Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы Жайық өзені бойында ауқымды рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейдтің басты мақсаты – күзгі мезгілде Жайық өзенінде қалыптасқан жұқа мұздың қауіпті жағдайын халыққа түсіндіру.

Рейд барысында қызметкерлер Жайық өзені бойымен айналма көпірден Балықшы көпіріне дейін жүріп өтіп, үлкендермен қатар, мұз үстінде конькимен, шанамен жігерлене сырғанап жүрген кішкентай бүлдіршіндер кезіктірді. Олардың әрқайсысымен әңгімелесіп, жұқа мұз үстінде жүру өте қауіпті екенін түсіндірді. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында, ата-аналарға балаларын қатаң қадалағап жүруді тапсырып, қауіпсіздік ережелері мен жадынамалар таратты.

«Балық аулап отырып спирттік ішімдік ішетін тұрғындар біздерді қатты алаңдатады. Әдетте мас күйінде көптеген адамдар қаза болуы мүмкін, өйткені адам өз  қимылын қадағалай алмай қалады. Сол себепті департамент қызметкерлері қысқы әуесқой балық аулаушыларға жеке құтқару құралдарын үнемі өздерімен бірге алып жүруді ескертеді» деп түсіндірді департаменттің төтенше жағдайларды жою бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау капитаны Ж.Демешов.

Рейд нәтижесінде қырыққа жуық тұрғын ақпараттандырылды. Бүгінде гі күні Жайық өзенінің жағасындағы мұздың қалыңдығы 10-12 сантиметрді құраса, орта тұсында – 3-4 см шамасында, ал кей жерлерінде әлі қата қоймаған.

img 20201125 wa0093
img 20201125 wa0092
img 20201125 wa0091
img 20201125 wa0098
img 20201125 wa0099
img 20201125 wa0100
img 20201125 wa0097

«Атырау облысы ТЖД-нің Жұртшылыкпен байланыс тобы»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған