
Атырау қаласының Мәслихаты хабарлайды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Мәслихаттың кезекті ХХХІV сессиясы шақырылады.
Өтетін уақыты: 2025 жылғы желтоқсан айының 18-і, сағат 15:00-де.
Өтетін орны: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77 а, кіші мәжіліс залы.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. Атырау қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
2. Дамбы, Қайыршақты және Еркінқала ауылдық округтерінің кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы;
3. Атырау қалалық мемлекеттік Кірістер басқармасының 2024 және 2025 жылдың 6 айы бойынша атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы;
4. 2026-2028 жылдарға арналған қала бюджеті туралы;
5. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау туралы;
6. Қалаға қарасты ауылдық округтердің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін нақтылау туралы;
7. Атырау қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы.
Атырау қаласының Мәслихаты


