Атырау облысында 2025 жылға дейін 3,5 млн шаршы метр тұрғын үй пай­далануға беріледі

5ddd2bfa a965 4e82 af51 2cdcf85c0e25 Жаңалықтар

Өңірде 2021-2025 жылдар ара­лығында 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарладық, бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Айқын» газетінде жарияланған мақаласында жазды.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны – 51 мыңнан асты. Ауыл бизнесін дамыту мақса­тында «Бизнес аймақ» өңірлік бағ­дар­ламасы арқылы қаржылық қолдау алды.

Биыл жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз бе­рілетін гранттарға бюджеттен 170 млн теңге бөлінді.

Облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының «Индер-Қарабау» аралы­ғында жол құрылысы жалғасуда, бү­гінде 30 шақырым асфальт жабын­дысы төселді.

Құрманғазы ауданында облыс­тық маңыздағы «7-разьезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік» жолы жөнделіп жатыр. Ганюшкин ауы­лындағы жаяу жүргіншілер көпірінің жұмыстары басталды.
Мақат ауданы Ескене елді ме­кеніне дейін кірме жолды қайта жа­ңарту жұмысына республикалық бюджеттен қаражат қарастырылды. 

Елді мекендерді ауыз сумен қам­ту жұмыстары жалғасуда. 2020 жылы Құрманғазы ауданының Сүйіндік-Асан-Үштаған ауылдарына 102,9 шақырым су құбыры жүргізілді. 

Облыста 2025 жылға дейін 3,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пай­далануға беру жоспарлануда. 2021 жылдың 9 айына 646,3 мың шаршы метр 4882 пәтерлі тұрғын үй пай­да­лануға берілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 41,6%-ға көп» делінген мақалада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз