whatsapp image 2019 12 21 at 09.41.35

Атырау облысы аудандарындағы көшелер қайта жаңғыртылып жатыр

Жаңалықтар

Atr.kz/23 желтоқсан, 2019 жыл.  Атырау облысы Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласындағы автокөлік жолдары түгелдей қайта жаңғыртылады – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет мәлімдеді. Жалпы ұзындығы 107 шақырымды құрайтын автокөлік жолдары жөндеу жұмыстары «Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. 

Қазіргі таңда, бірінші кезең бойынша 28,6 шақырым жол салынып, 16,4 шақырым жолды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Екінші кезең бойынша 31 шақырымды жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталады. Ал, үшінші кезеңде қайта жаңғыртылатын 31 шақырымдық жол сараптамаға жолданды,  – деді аудан әкімі Азамат Бекет.
Сонымен қатар, аудан орталығындағы 12 көше бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға төсемтас төселді. Қала көшелеріне 8 бағдаршам мен 50 бейнекамера орнату жұмыстары қолға алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған