whatsapp image 2020 09 02 at 14.45.28 1

Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/2 қыркүйек, 2020 жыл. Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Әбішев Абдуахит Ғарибжанұлы тағайындалды.

Жаңа басшысыны ұжымына таныстырған облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов таныстырды. Ол Атырау өндірісті аймақ болғандықтан басқарма алдында ауқымды міндеттер тұрғанына тоқтала келе,  жұмысына сәттілік тіледі.   

Абдуахит Әбішев 1979 жылы Атырау облысында дүниеге келген.  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология факультетін ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Атырау мұнай-газ университетін тау ісі бойынша инженер-механик бакалавры және «Геология магистрі» дәрежесі бойынша бітірген.  Мәскеу университетінің әкімшілік іс-жүргізу бойынша шебері, техника ғылымдарының докторы. Ұлыбритания, Германия елдерінде біліктілігін арттырған.

Еңбек жолын 1999 жылы Атырау қаласындағы №3 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі болып бастаған; 

2000 жылы –  «АтырауМұнайГазГеология» АҚ аудармашысы;
 2000-2001 жылдары аралығында –  «ОТО-ПРОМ» ЖШС-нің аудармашысы;

  2002-2005 жылдары – «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясының Атырау облыстық филиалының өндіріс бойынша инженері және аудармашысы;  

2005-2007 жылдары –  «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясының Ақтөбе облысы  филиалының өндіріс бойынша инженері;2008-2011 жылдары – шетелдік «Фэлкон Ойл энд Гэс ЛТД» компаниясының бас директоры;

2012 жылы – «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» және  «Фирма Ада Ойл» компанияларының аймақтық директоры;

2015 жылы – «Мұнай өндірісі және бұрғылау технологиясы ғылыми-зерттеу» институтының мұнай және газ өндіру ісі бойынша басқарушы директоры;

2016-2017 жылдары – «Урихтау Оперейтинг» ЖШС бас директорының өндіріс ісі жөніндегі бірінші орынбасары;

2017-2019 жылдары –  «Урихтау Оперейтинг» ЖШС-нің бас директоры болып жұмыс істеген; 

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Shagyrai Oil Service» ЖШС бас директорының экономика-финанс және жалпы сұрақтар бойынша орынбасары қызметін атқарып келген.

«Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі»

whatsapp image 2020 09 02 at 14.45.28

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған