Атырау облыстық кардио орталықта 100 төсек-орынға арналған инфекциялық стационар ашылды

h8a1850 5eea30a054fed Жаңалықтар

Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты резервтік стационар ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

  • Облыстық кардиологиялық орталық аумағында 100 төсек-орынға арналған инфекциялық стационар ашылды. Жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды қабылдау жалғасуда, олар үшін 50 төсек-орын бар. Тек пациенттерді жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу тоқтатылды. Олар уақытша учаскелік емханаларда мамандардың бақылауында болады,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде Covid-19 жұқтырған 154 адам анықталды. Оның ішінде 92 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Бүгінгі күні № 2 облыстық ауруханада 142 науқас емделуде.


Модульдік инфекциялық ауруханада 192 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта 50 адам, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 52 , 132 науқас аудандық инфекциялық стационарларда жатыр. 608 адам үй жағдайында емделуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз