Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облыстық инфекциялық ауруханасына — жаңа басшы

Облыстық инфекциялық ауруханасының директоры қызметіне тәжірибелі маман Нұрбек Үкібаев тағайындалды.

Ол – денсаулық сақтау саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар білікті ұйымдастырушы, дәрігер-педиатр және кардиолог.

Еңбек жолын 2000 жылы кардиолог-дәрігер ретінде бастаған. Әр жылдары Жылыой аудандық ауруханасының консультативтік-диагностикалық бөлімінің басшысы, Жылыой аудандық ауруханасының директоры, Атырау қалалық №1 емхананың басшысы болды.
2025 жылдың тамызынан бастап облыстық инфекциялық аурухана директорының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Жаңа басшының кәсіби тәжірибесі өңірдің инфекциялық қызметін одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button