Жарнама
Жаңалықтар

Атырау маңындағы өрт сөндірілді

Кеше, 6 қазан күні кешкі уақытта Атырау қаласында жағымсыз күйік иісі сезілген болатын. Мәселеге байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері түсінік берді.

Департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының хабарлауынша, 6 қазан күні аталған департаменттің жедел кезекшісіне қала ішінде түтін иісі сезілгені туралы хабарлама түсті. Барлау жұмыстарының нәтижесінде сағат 23:00 шамасында Атырау қаласынан Каспий теңізі бағытында шамамен 20 шақырым қашықтықта ашық аумақта жалпы ауданы 1 гектар болатын құрғақ шөптің жану дерегі анықталды. Өртті сөндіру жұмыстары жедел қолға алынып, сағат 01:12-де толықтай жойылды.

– Бүгін, 7 қазан күні де қала аумағында түтін иісінің сезілуіне байланысты барлау жұмыстары жалғасуда. Алайда, қазір ешқандай жану ошақтары анықталған жоқ. Сонымен қатар Құрманғазы ауданында, Құрманғазы ауылынан 67 шақырым жерде, «Жаркаса» каналының қарсы бетінде, Каспий теңізінің жағалауында жалпы ауданы 30 гектар болатын қамыс пен қопа жамылғысының бықсуы байқалуда. Оның 12 гектар аумағы жойылды, — делінген ресми хабарламада.

Департамент өкілдерінің айтуынша, қазір өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Елдімекендерге қауіп жоқ. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Ә.Баякеев жетекшілік етуде.

Айта кету керек, департамент қызметкерлері тұрғындардан дүрлікпеуді, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрайды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button