Атырау ХҚО-лары қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда

screenshot 16 2 Жаңалықтар

Мемлекеттік корпорация Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара аясында ХҚО қызметкерлері таңертеңнен бері клиенттерге Kazakhstan шоколады мен кәдесый ретінде жалаулар таратуда.

Қызмет алушылар мемлекеттік рәміз атрибуты бар 1000-нан астам тәттілерді сыйға алып үлгерді. Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Науқан бүгін кешке дейін жалғаспақ.

Мереке күндеріне байланысты сенбіде ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 20:00-ге дейін қызмет істейтінін еске саламыз.
24 қазан күні тек кезекші ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні қызмет алушылар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.

23 және 25 қазан – демалыс күндері. 26 қазаннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз