«Атырау» футбол клубына жаңа басшы келді

200222110901091a3617456i Жаңалықтар

Atr.kz/22 ақпан, 2020 жыл. Биылғы футбол маусымын бірінші лигада ойнайтын «Атырау» футбол клубына жаңа басшылық келді. Енді мұнайшылар командасын 44 жасар армяндық маман Арам Восканян жаттықтыратын болды. Ал, спорттық клубтың президенті болып өңірге белгілі инженер-геолог Ізтұрған Баймұханов тағайындалды.

Осылайша, былтырғы маусымда сүреңсіз ойын көрсеткен командамыздың тізгіні бұрынғы мұнайшының қолына тиді.  Ізтұрған Баймұханов осыған дейін мұнай-газ саласында көптеген басшылық қызметтерде болып, осы тағайындауға дейін облыстық  аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы қызметін  атқарды.

Команданың бас  жаттықтырушысы лауазымына келген Арам Восканян кезінде ойыншы ретінде Арменияның «Бананц», «Арарат», «Пюник», «Мика» футбол клубтары мен Ресейдің  «Локомотив», «Балтика», Өзбекстанның «Локомотив» командаларында ойнаған. Осымен қоса 2004-2008 жылдары Қазақстан премьер-лигасында Петропавлдың «Есіл-Богатыр» (қазіргі «Қызылжар») командасы сапында өнер көрсеткен. 131 ойында 41 гол соққан. Ал, бапкер ретінде «Мика», «Бананц» командаларымен қатар Арменияның жасөспірімдер (U-19) құрамасын жаттықтырған. Соңғы екі жылда «Алашкерт» (Армения) футбол клубында бапкерлік қызмет атқарған.

86256130 2133042000132372 1550621990019137536 o

– Мен осы команданың тізгінін ұстағаныма қуаныштымын. Алдымызға үлкен міндеттер жүктеліп отыр, соны бірлесіп орындайтын боламыз, – деді  армениялық маман арнайы таныстырылу сәтінде. 

Бүгінде «Атырау» командасы Түркия елінде үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

87159509 2144968815606357 4429104682341761024 o

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/kerek-keңes-sұlulyқ-syry-sүtte/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз