atyrau premьer ligada

«АТЫРАУ» футбол клубы – ПРЕМЬЕР-ЛИГАДА!

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/26 қазан, 2020 жыл. Биылғы футбол маусымын бірінші лигада өткізген «Атырау» клубы ел чемпионатының аяқталуына екі тур қалғанда Премьер-лигаға жолдама алды. Жерлестеріміз 12 турда Қарағандының «Шахтер-Болат» командасын 3:2 есебімен жеңді.

Бірінші лиганың ІІ конференция тобында өнер көрсетіп жүрген атыраулықтар осыған дейін өткізген 10 кездесуінің сегізінде жеңіске жетіп, тек ееуінде ғана тең ойын көрсетті. Әзірге 26 ұпай жинаған мұнайшылардың біріншілік соңына дейін әлі екі ойыны бар.

Осы жағдай біріншіліктің І конференция тобында да қайталануда. Яғни, Ақтөбе қаласының «Ақтөбе» командасы  екі тур бұрын алдын-ала жеңімпаз атанды.

Осылайша, келер жылдың футбол маусымында «Атырау» және «Ақтөбе» командалары Қазақстанның Премьер-лигасында бақтарын сынайтын болды.

Барша атыраулық жанкүйерлерді сүйікті командамыздың жоғарғы лигионға оралуымен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған