Жарнама
Жаңалықтар

Атырау әуежайы маңындағы автотұрақ неге ақылы?

Бүгінде әлеуметтік желілер мен қоғам арасында Атырау халықаралық әуежайы аумағындағы автотұрақ мәселесіне қатысты түрлі пікірлер айтыла бастады. Осыған байланысты қалалық әкімдік ресми түсініктеме беріп отыр.

ca3483bc fa22 40fc 8ce9 ce14a7eb2007 1

Жобада әртүрлі санаттағы автотұрақтар қарастырылған: қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы орындар.

Жолаушылардың және оларды күтіп алушылардың қолайлылығы үшін қысқа мерзімді автотұрақ аймағында (жолаушыларды түсіру және мінгізу алаңы) 15 минут тегін тұрақ уақыты қарастырылған. Бұл уақыт такси қызметі мен жолаушыларды шығарып салатын, қарсы алатын азаматтарға жеткілікті.

Желіде тарап жатқан «ақылы тұрақ» туралы ақпарат тек ұзақ мерзімді тұраққа қатысты. Бұл жерде көліктер бірнеше сағатқа немесе күндерге қойылады, сондықтан тарифтер сағаттық есеппен белгіленген.

5ecaf75f 7702 46d4 875e aa3ef7d806a6

Әкімдік өкілдері атап өткендей, мұндай жүйе еліміздің ірі әуежайлардың барлығында қолданылады және халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді.

Бұдан бөлек, жаңа жоба аясында әуежай аумағында қосымша абаттандыру жұмыстары жүргізіледі: балалар алаңы, құрғақ субұрқақ, демалыс аймақтары, саябақ аллеялары мен сервис нысандары салынады.

«Біздің басты мақсатымыз – тұрғындар мен қонақтар үшін әуежай аумағын барынша ыңғайлы әрі заманауи ету. Жаңа автотұрақ осы инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналады», – делінген ресми түсініктемеде.

Дайындаған А.МҰРАТҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button