Атырау – Астрахан тас жолының құрылысы 2019 жылдың мамырында басталады

IMG 20190416 WA0026 Жаңалықтар

Atr.kz/ 16 сәуір, 2019 жыл. Қазіргі таңда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тікелей тексерген дайындық және мобилизация жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде 60 шақырым жерді қайта қалпына келтіру жұмыстары республикалық бюджеттен  қаржыландырылуда. Қазір құрал-жабдықтарды дайындау, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл айда біз айналма жолдың құрылысын бастауымыз керек,- деді «Сине Мидас Строй «БК»» компаниясының жоба жетекшісі Алтай Қамысбаев. – Жұмысқа алынған жұмысшылар саны – 106 адам. Олардың 56-сы Құрманғазы ауданынан.

IMG 20190416 WA0014


Қазіргі таңда жобаға  30-дан аса техника жұмылдырылған. 
– Жолды төсеу жұмыстарын мамыр айынан бастаймыз. Нысанның өзінде бетон өнімдері зауытын, топырақ араластыратын зауыт салуды жоспарлап отырмыз және болашақта қуаттылығы 2,5 мың тонна болатын асфальтбетон зауытын салу жоспарда бар,- деп атап өтті Алтай Қамысбаев. 
Кестеге сәйкес,  Атырау-Астрахан тас жолының 60 шақырымдық құрылысы 2 жылға жоспарланған. Ағымдағы жылы 23 шақырымын аяқтау жоспарланып отыр. Жұмыстың барлық кезеңі бойынша облыстың 150-ге жуық тұрғынын жұмыспен қамту көзделіп отыр.

IMG 20190416 WA0018


Облыс әкімі құрылысшылардың тұрмыс жағдайымен танысты, зауыт құрылысы аймағына барып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.
– Бұл жолдың құрылысы Елбасының Атырау облысына жасаған сапары кезінде жеке тапсырмасы арқылы қолдау тапты. Құрылыстың барлық бағыты жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болады. Жұмысшылар уақтылы жалақы алады, өмір сүру үшін барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіледі, құрылыс қауіпсіздік техникасына сәйкес болуы керек. Мәселелер мен үзілістер болмауы керек, – деді Нұрлан Ноғаев.
Қалған 217 шақырым жолды қалпына келтіру және дамыту  Еуропалық банк есебіне жоспарланған. Қазіргі таңда мердігерді анықтау үшін байқау шаралары жүруде.

IMG 20190416 WA0020
IMG 20190416 WA0025

«Atr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз