Атыраулықтар Криштиану Роналдуға қазақтың шапанын кигізді (ВИДЕО)

20180326224807 Жаңалықтар

Атыраулық кәсіпкерлер әлемнің әйгілі футболшыларының бірі Криштиану Роналдумен кездесті.

20180326224807

Отандық «Теңізшэвройл» компаниясы өкілдерінің әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға шапан кигізіп, еліміздің көк туын таныстырып жатқан видеосы Instagram-дағы ZTB паблигінде пайда болды.

Бейнежазбадан бір топ қазақстандық азаматтың белгілі спортшыға мемлекеттік туды таныстырып, сыйлық ретінде қыранның мүсінін сыйға тартқанын көруге болады.

«Кездесу Швейцарияның Женева қаласында 24 наурыз күні болды. Кездесу барысында футболшыға сыйлықтар табыс етіліп, қазақтың шапаны көрсетілді. Біз Криштиануға Қазақстанды, қазақ халқының мәдениетін кеңінен таныстыратындай сыйлық жасағымыз келді. Сыйлықтардың арасында шапаннан басқа, Алтын адамның мүсіні, күміспен көмкерілген, ұлттық оюлармен өрнектелген белдік, қамшы мен өзге де заттар бар», – деді кездесуге қатысқандардың бірі Алишер Өтепов.

 

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз