Атыраулық полицейлер ұрылардың қай кезде үйді тонайтынын айтты

photo 44976 Жаңалықтар

Атырау полицейлері үйді тонау оқиғаларының қай кезде жиі болатынын айтты.

photo_44976

Әдетте, ұрылар пәтерлерге кіру үшін сәйкес кілттерді таңдайды. Атырау қалалық ІІБ мағлұматтарына сенсек, үйді тонау оқиғаларының көп бөлігі жұмыс күндері сағат 10.00 – 12.00 аралығында болады.

Бұл кездері тіркелген қылмыстың көрсеткіші жалпы қылмыс санының 67 пайызына тең келіп отыр. Ал аз мөлшердегі көрсеткіш сағат 12.00 – 15.00 аралығы, ал осы кезде болған қылмыс санының көрсеткіші – 17,4 пайыз.

Сонымен қатар, жаз мезгілінде және демалыс күндері, яғни адамдардың көп бөлігі үйінде болмайтын кезде үйлер жиі тоналады.

Ұрылардың пәтерге кіру үшін жиі сәйкес кілттерді іздейді. Ал мұндай жайттардың көрсеткіші облыста  30 пайыздан жоғары, 57 пайызы құлыпты немесе есікті бұзу арқылы ұрылар үй ішіне кіреді. Осыған байланысты, Атырау полициясы үйге темір есік қондырып, терезелерге тор қойып, есікке домофон және күзет сигналын орнату арқылы ұрылардан сақтала алатындарын ескертеді.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз