Атырауда тегін Wi-Fi желісі орнатылуда

39468274 658620141187139 275044332631752704 n Жаңалықтар

Атырауда тегін Wi-Fi желісі орнатылған 25 орын пайда болады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

39468274_658620141187139_275044332631752704_n

«Ғаламторға тегін кіру орындары қаламыздың ең үлкен орталықтарында орналасады. Аталмыш жоба Smart Атырау және «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясында құрылды. Ғаламторға тегін қатынау нүктелерін орнату бойынша үстіміздегі жылдың басында «Қазақтелеком» АҚ Атырау облыстық филиалымен бірлесіп іске қосылды. Қазіргі таңда көптеген жерлерде ғаламтор желілері бұрыннан бар», – деді Атырау қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи.

Сондай-ақ, орталық алаңда 2 нүкте, Құрманғазы алаңында, Жағалау – Смағұлов көшесінің бойымен өзен жағалауы, Сәтпаев 52 көшесі, Әйтеке би 79 көшесі, Атырау мұнай және газ университеті алаңы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті алаңында 2 нүкте, Абай көшесіндегі «Анвар» супермаркеті, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жанында, Дина Нұрпейісова атындағы мәдениет сарайының алаңында, Атырау қаласының халықаралық әуежайының VIP залында және жалпы күту залында, Мұз сарайының жанында, сонымен қатар темір жол вокзалында, «Ардагер» сауда орталығында тегін пайдалануға мүмкіндік пайда болмақ.

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз