Атырауда тағы да ауа сапасы төмендейді

20180129093428 Жаңалықтар
22 ақпан күні метеожағдайлар Қазақстанның 11 қаласында атмосфераның нашарлауына әсер етеді.
20180129093428

Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қызылорда, Петропавл, Тараз, Теміртау, Ақсай, Орал, және Шымкент қалаларында атмосферада ластаушы заттар жинақталады деп күтілуде.

Еске салайық, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК-ның www.kazhydromet.kz сайтында алдағы тәулікке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға арналған болжамдар жарияланып тұрады. Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеофакторлар (тымық күн, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.

 

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз