Атырауда суға батқандарды құтқармақ болған ер адам өзенге ағып кетті

20160722235853 Жаңалықтар
Атырау облысында 27 жастағы ер адам суға ағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
20160722235853

«Қайғылы жағдай дүйсенбі күні кешкісін Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған. 1990 жылғы жас азамат суға ағып бара жатқан екі қызға көмектесу үшін Жем өзеніне түседі. Қыздарды құтқарып алып, өзі судан шыға алмай, ағып кеткен», – деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖД.
Ер адам әйелінің екі сіңлісі суға ағып бара жатқанда құтқармақшы болған. Ол жүзу білмесе де, көмектесу үшін суға түскен.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз