Атырауда автобустарда «электронды билет» жүйесі енгізіледі

40137863 666954887020331 4092549713587339264 n Жаңалықтар

Атырауда пилоттық режимде жолаушылар көлігіне «Электронды билет» жүйесі енгізілуде. Бұл жоба көлеңкелі айналымнан табыс көзін шығару және әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы тасымалдаушыларды субсидиялауға, қоғамдық көліктегі нақты жолаушылар ағынын анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

40137863_666954887020331_4092549713587339264_n

27 шілде күні Атырау қалалық әкімдігі электрондық билеттеу жүйесін енгізу жөніндегі ЖШС «SMART-ЖКХ» операторымен және барлық 6 жолаушылар тасымалдаушы мекемелерімен үш жақты келісім-шартқа қол қойған болатын.

Қоғамдық көлікте электрондық билеттің пилоттық жобасы жолаушылар көлігінің экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында, криминогендік жағдайды жақсартуға, жергілікті бюджетке қосымша салық түсімдерін арттыру және көрсетілетін қызметтердің санын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи аталған жобаның «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатынын хабарлайды. Сондай-ақ, Атырау қаласы әкімдігі мен АҚ «ҰҚ ӘКК «АТЫРАУ» жергілікті филиалының қолдауымен Атырау қаласындағы көлік тапшылығын жою мақсатында жаңадан 35 жолаушылар тасымалдау автокөлігін алу жоспарлануда. Жаңадан келген қоғамдық көліктер ЖШС «СМАРТ ЖКХ» электрондық билеттеу жүйесімен қамтылады.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз