Атырауда Нұрлан Балғымбаевты еске алуға арналған волейболдан Ұлттық турнир басталды (ФОТО)

EAC1460 Жаңалықтар

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» мәдени-спорт кешенінде 18-24 қыркүйек аралығында мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы Премьер-министр Нұрлан Балғымбаевты еске алуға арналған волейболдан Қазақстан Республикасы Ұлттық лига ерлер командалары арасында турнир басталды.

_EAC1460

Ел кубогіне дайындық, әрі жолдастық кездесу есебінде өткен жарыста Ақтау қаласынан «Маңғыстау», Хромтау, Павлодар және Атырау қалаларынан төрт команда өзара бақ сынасты. Аймақтағы мұнай компанияларының басшылары қатысқан шараның ашылу салтанатында еліміздің Парламенті Сенатының депутаты, Атырау облысының волейбол федерациясының президенті Ғұмар Дүйсембаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

_EAC1375

– Нұрлан Өтепұлы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда ғана емес, спорт бағытында да дамуына үлес қосқан бірегей азамат. Қарапайым мұнайшы өңірдің «қара алтын» кәсіпшілігін жоғары дәрежеге көтерді. «Искер» корпорациясы мен Атырау мемлекеттік университетінің қолдауымен Атырауда алғаш рет өтіп отырған турнир алдағы уақытта дәстүрге айналады деп сенеміз, – деді ол.

_EAC1358

Атырау облыстық волейбол командасы жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің заңгері Маркс Хасанов алдағы қазан айына жоспарланып отырған ел біріншілігі Атырауда өтіп қалу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл аймақ спортын дамыту үшін өте маңызды.

_EAC1335

_EAC1252

_EAC1283

_EAC1279

_EAC1438

_EAC1421

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз