Атырауда менингитке қатысты сұрақтарға жауап беретін Call-орталығы ашылды

WhatsApp Image 2018 06 05 at 08.57.31 Жаңалықтар

Атырау қаласының тұрғындары менингиттің алдын алу сұрақтары бойынша кеңесті тәулік бойы ала алады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-06-05 at 08.57.31

Алматы облысында менингит ауруының таралуына байланысты Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті тұрғындардың қоңырауларына жауап беру үшін 24 сағаттық жедел желі ашуға шешім қабылдады. 98-02-92 нөмірі бойынша азаматтар жұқпалы аурулар туралы эпидемиологтардан кеңес ала алады. Сондай-ақ, «ыстық желі» сағатына тәулік бойы 3 оператор қызмет етеді.

Алматы облысындағы менингит инфекцияларының таралуына байланысты біздің облыс тұрғындары осы аурудың алдын алу бойынша көптеген сұрақтар мазалайды. Көптеген адамдар бүгінгі күні менингиттен қалай қорғануға болатындығын, аурудан аулақ болу үшін қандай шаралар қолдану керектігін ойлайды. Сондықтанда, қаланың және облыстың тұрғындардың білгісі келетін барлық сұрақтарды 24 сағаттық Call-орталығына қоңырау шалу арқылы сұрауларына болады, – дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз