Атырауда мамандандырылған ХҚКО құрылысы басталды

JUws mGqJRk 1 Жаңалықтар

Атырауда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы Атырау-Астрахань трассасының бойында басталды. Ол үшін 4 гектар жер телімі бөлінген.

JUws-mGqJRk

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коммерциялық емес мекемесі ХҚКО Атырау облысы филиалы басшысының орынбасары Ербол Серғазиевтің айтуынша, құрылыс жұмыстары келесі жылы наурыз айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мамандандырылған орталық құрылысын «Жиенбай» ЖШС жүргізіп жатыр. Енді атыраулықтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды бір ғана орталықта тапсырып, сол жерден құжатын ала алады.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз