Атырауда «Атырау Цифрлық Қабылдау» қосымшасы іске қосылды

IMG 20180103 WA0004 Жаңалықтар

Атырауда «Атырау Цифрлық Қабылдау» қосымшасы іске қосылды. Сол арқылы қала тұрғындары мемлекеттік мекемелерге әр түрлі мәселелер бойынша онлайн тәртібінде тікелей байланыса алады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

IMG-20180103-WA0004

Мобильді қосымшаны бүгіннен бастап жүктеп алуға болады, ол үшін App Store немесе PlayMarket-тің іздеу жолына ACQ Атырау деп жазса жеткілікті.

Қосымша құрылымы 6  негізгі бөлімнен тұрады, олар – жұмысқа орналасу, қоғамдық бақылау, ТКШ, қоғамдық көлік, білім,  сұрақ қою секілді маңызды мәселелер мен салаларға арналған.

Әр бөлімде мәзір бар, қолданушы қажет бағанды таңдап, сауалын қалдыра алады. Барлық бөлімде  фото мен бейне енгізу қызметі де орнатылған,  түрлі құқық бұзушылықтарға куә болған азаматтар фото мен бейнежазбасын жібере алады.

IMG-20180103-WA0005

Жоғарыда көрсетілген бөлімдер бойынша облыс орталығының тұрғындары сауалдарын жолдап,  анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат жібереді немесе мемлекеттік органдардан түпкілікті мәлімет алады.

Мысалы, білім бағанында балабақша, колледж, университеттер туралы мәлімет алып, өтінімін бере алады. Ал жұмыс іздеушілерге еңбек биржасы мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат пайдалы болмақ,  бұл бөлім күн сайын жаңартылады.

Болашақ талапкерлер оқу орындарының тізімімен, мекен-жайымен танысып, қызықтырған сұрақтарын қалдыра алады.

Жақындары деструктивті діни ағымдардың ықпалына тап болғандар немесе сезіктенетіндер психологтарға хабарласып, дінтанушы мамандардан ақпарат алады. Бұл бөлімде өтінімді анонимді түрде қалдыруға болады.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз