Атырауда Африканың 25 азаматына сот үкімі шықты

5d5b01015d9c2aaae3a1454310373b68a2cffb11 Жаңалықтар

Атырау облысында Африка Республикасының азаматтары Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы редакциямызға облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

5d5b01015d9c2aaae3a1454310373b68a2cffb11

Анықталғанындай, 25 шетелдік Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 2-бөлігінде (Күнтізбелік бес күн өткеннен кейін заңнамамен белгіленген үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркелместен ҚР аумағында болуымен көрініс тапқан шетелдіктердің ҚР-дың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) қарастырылған бұзушылыққа жол берген.

Бүгінде, сот үкімімен олардың барлығы кінәлі деп танылған. Африка Республикасының 20 азаматына әкімшілік айыппұл салынса, 5-еуі Қазақстан аумағынан шығарылатын болады.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз