Атырауда 91 метрлік тутұғырдың кұрылысы басталды

WhatsApp Image 2018 08 20 at 12.32.24 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі аталған жобаны биылғы ақпан айында халыққа есеп беру кездесуінде таныстырған болатын, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-20 at 12.32.24

Тутұғыр Жангелдин-Құлманов көшелерінің қиылысында орнатылады. Тутұғыр кешенінің аумағы 57 шаршы метрді, биіктігі 91 метрді қамтиды. Тутұғыр көлемі 112 шаршы метр болатын жаңа алаңда бой көтереді.

Сонымен қатар, тутұғырдың екі жағына екі субұрқақ салынады. Субұрқақтар бес деңгейден тұратын каскад түрінде жасалады.

WhatsApp Image 2018-08-20 at 12.32.23

Тутұғыр қаланың барлық жағынан көрінетін ең биік құрылыс болатыны сөзсіз. 91 метр жоғарыда орналасатын мемлекеттік туымыз қаламыздың сәнін келтіретін болады.

Айта кетейік, тутұғыр құрылысы жер пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдарынан төленіп, мемлекеттік жеке меншікке қайтарылған қолданбаған жер бөлігінде орналасады.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз