Атырауда 17 694 адам баспана кезегінде тұр

08272951 Жаңалықтар

Атырау қаласында  23 апатты, 27 тозығы жеткен үй мен 12 жатақхана бар. Өткен жылы тұруға жарамсыз деп есептелген 5 үй сүріліп, тұрғындары жаңа баспанаға қоныстандырылды.

08272951

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай Қазиев осындай деректерді баяндады.

Мұнайлы өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Соның өзінде әлі де 17 694 адам баспана кезегінде тұр. «Өткен жылы 18 үй – 1215 пәтер берілді. Оның ішінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында тапсырылған 11 тұрғын үй де бар», – деді С.Қазиев өз сөзінде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз