Атырау өнімдері – Әзербайжанда

Атырау н¦мдер¦ Ц зербайжанда Жаңалықтар

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалығымен Әзербайжан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадовтың атыраулық кәсіпкерлермен кездесуі өтті. Онда облыстық кәсіпкерлер палатасы, өнеркәсіптік нысандар, түрлі бизнес-құрылым өкілдері өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, ұсыныс-тілектерімен бөлісті.

%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%b0%d1%83-__%d0%bd%c2%a6%d0%bc%d0%b4%d0%b5%d1%80%c2%a6-%d1%86-__%d0%b7%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0

Биылғы сегіз айдың ішінде Атырау облысы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы тауар айналымы 9,4 миллион долларды құраған екен. Бұл өткен кезеңдермен салыстырғанда 39 пайызға төмен.

– Соңғы сегіз айда инвестиция көлемі 1460 млрд. теңгені құрады. Оның жартысынан көбі ішкі, қалғаны шетел инвесторларына тиесілі. Қазіргі таңда Атырау әлемнің 50-ден астам мемлекетімен тығыз байланыс орнатқан. Мыңнан аса бірлескен және шетел кәсіпорындары қызмет етуде. Соның 42-сі әзербайжандық капитал үлесімен байланысты, – деді Ғұмар Ислямұлы.

%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%b0%d1%83-__%d0%bd%c2%a6%d0%bc%d0%b4%d0%b5%d1%80%c2%a6-%d1%86-__%d0%b7%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0-2

Өз кезегінде әзербайжандық мейман екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту жөнінде әңгіме қозғады.

Ғұмар Ислямұлының айтуынша, мұнай-химия мен мұнай-газ машиналарының құрылысы үшін арнайы экономикалық аймақтың 3,4 мың гектар аумағынан ұлттық мұнай-газ кластері құрылған. Онда мемлекет есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесі тартылған. Сол жерлерді біз жаңа өндіріс ошақтарын ашу үшін әзербайжандық инвесторларға ұсынуға дайынбыз. Қазірдің өзінде мұндай мүмкіндікті 30 кәсіпкер пайдаланып отыр. Осы орайда «Атырау Innovations» ұйымы да инвесторларға «бір терезе» қағидасымен ақпараттық-талдау қызметін көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Ал, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы шетелдік кәсіпкерлермен бірлескен кәсіпорындар құруға ниет білдірді.

Амандық

САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз