Атырау музейіне Саламат Мұқашевтің домбырасы тапсырылды (ФОТО)

EAC2099 Жаңалықтар

Атырауда қоғам және мемлекет қайраткері Саламат Мұқашевтің туғанына 90 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті. Оған қайраткердің ұрпақтары мен туыстары, әріптестері мен достары, Атырау тұрғындары мен қонақтары қатысты.

_EAC2099

Салиқалы кешке Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келіп, асыл азаматтың елге сіңірген еңбегін сөз етті. Ол әр ұрпақтың аға буынның атқарған істерін абыроймен жалғастыру керектігін баса айтты. «Ұрпақ сабақтастығын үзбей, алдыңғы буын ағаларымыздың атқарған істерін қазіргі заманды, жаһандануды ескере отырып абыроймен жалғастыру – ұрпақ алдындағы міндет», – деді аймақ басшысы.

_EAC2336

Салтанатты жиында қоғам және мемлекет қайраткері Равиль Шырдабаев, Мадина Ғабдісәлімова, Саламат Мұқашевтің жұбайы Мәрия Сәлімгерейқызы сөз сөйлеп, тұлғаның өмір жолындағы жарқын естеліктерімен бөлісті. Мәрия апай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне қайраткердің домбырасын табыс етті.

_EAC2037

Саламат Мұқашев – 1927 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. КСРО Жоғарғы Советінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, Атырау, Маңғыстау облыстық партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. Төрт рет «Еңбек Қызыл Ту», екі рет «Құрмет Белгісі», «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Ал, 2014 жылы Атырау политехникалық колледжіне аталған тұлғаның есімі берілді.

_EAC1959

Айқара Ғұмар

Суреттерді түсірген: Ерлан Алтыбаев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз